COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Дүлдүлдер додасы VII

Дүлдүлдер додасы VII

30 сәуір күні Халықаралық Тараз инновациялық институты мен Тараз қалалық жастар ресурстық орталығы бірлесе отырып "Дүлдүлдер додасы VII" атты ашық аймақтық пікірсайыс турнирін ұйымдастырды. Турнирге Нұр-Сұлтан, Алматы сынды Республикалық маңызы бар қалалардан және облыс аумағындағы аудандардан 16 топ қатысты. Пікірсайыс турнирі Американдық-Парламенттік формат және Линкольн-Дуглас форматтарында өткізілді.
Турнир шымылдығын ХТИИ проректоры Құлабекова Гүлшат Қамбарбекқызы және Тараз қаласы әкімінің орынбасары Сариев Бақдәулет Жолдасұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Пікірсайыс турнирінде жүзден жүйрік болып Американдық-Парламенттік формат бойынша 16 топтың ішінен 1 орын “А.Байтұрсынов” тобына бұйырды. Екінші орынды "Тараз наш" тобы иеленсе, үшінші орынды “10-шы планета” тобы иеленді. Линкольн-Дуглас форматы бойынша “Үздік спикер” номинациясын Алматы қаласынан келген Әміре Жандос қанжығасына байлады.
Турнир нәтижесі бойынша 1 орындар-100 000, 2 орындар-50 000, 3 орындар-30 000 теңгелік, “Үздік спикер” номинациясы-20 000, “Үздік төреші” номинациясы бойынша 3 үздік төреші-50 000 теңгелік қаржылай сертификаттармен марапатталды. Сонымен қатар турнир барысында “Үздік жұптар”, “Дүлдүлдер жұлдызы”, “Пунктуалды пікірсайысшы” сынды қосымша байқаулар ұйымдастырылып, номинация иегерлері бағалы сыйлықтармен марапатталды.