COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Жарқын болашақ

Жарқын болашақ

Халықаралық Тараз инновациялық институтында "Жарқын болашақ" жобасы аясында, "Өркен-ниет" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен кәсіптік бағдар беру және жоғарғы оқу орындарымен таныстыру мақсатында, аудан және қала мектептерінің 11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар институттың әр ғимаратымен, факультетімен, ПОҚ мүшелерімен, студенттер үйімен және білім беру процесімен толық танысып, өз сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры Ерболат Саурықов оқушылармен еркін форматта сұхбаттасып, көшбасшылық қағидаттары турасында ой бөлісті.
«Өркен-ниет" қоғамдық қоры ХТИИ ұжымына және институт ректоры Ерболат Байұзақұлына осындай танымдық шараны ұйымдастырып, демеушілік жасағаны үшін үлкен алғысын жеткізді.