COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ҒАСЫРДА

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ҒАСЫРДА

Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Шығармашылық мамандықтар» факультеті, «Бастапқы әскери дайындық және шығармашылық мамандықтар» кафедрасының ұйымдастыруымен Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» Қазақстан халқына Жолдауы аясында "ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ҒАСЫРДА" тақырыбында «Өлке өркениеті» атты дәстүрлі ІІІ-ші жас суретші-шеберлер байқауын өткізді.

Байқауға қала мен аудандардың мектептері сондай-ақ ЖОО мен орта мектептер мен арнаулы мектептер Жамбыл облысы, Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы «Көркем сурет балалар мектебі», Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылы Техникалық шығармашылығы және кәсіби бағдар беру орталығы, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы Абай атындағы интернат, Жамбыл обл. Сарысу ауданы Абылайхан атындағы мектеп –лицейі, Балалар шығармашылық орталығы Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, Тараз қаласы, Д.М.Карбышев атындағы №16 орта мектеп, Тараз қаласы №23 орта мектебі, Тараз қ. №8 мектеп –гимназия, Тараз қаласының білім бөлімі Б.Момышұлы атындағы № 45 қазақ классикалық гимназиясы, Тараз қаласы №29 орта мектебі
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Халықаралық Тараз инновациялық институты, Анаға тағзым орталығы, Жамбыл политехникалық жоғары колледжі т.с. сияқты мекемелер қатысты

Байқаудың мақсаты:
Жас суретші-шеберлердің ой зердесімен, көзімен, туған жердің табиғатын, өркенниеттік сипатын бейнелеу, талантты жастардың әсемдікті көркемдеп сезіне білу ерекшеліктерін танытып, олардың шығармашылық бастамасына қолдау көрсету.

Байқау бейнелеу өнерінің живопись, графика, мүсін, қолданбалы қол өнері, көркем фото, дизайн түрлерінен өтті.

Жеңіске жеткен қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Живопись» І-дәрежелі дипломмен 17-19 жас аралығында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенті Муромцева Елизавета жетекшісі: Джумашева А.С.
«Живопись» І-дәрежелі дипломмен 14-16 жас аралығында № 29 орта мектеп оқушысы Түгелбай Азиза, жетекшісі:Ибраимова Алуа
«Графика» І-дәрежелі дипломмен 17-19 жас аралығында Жамбыл политехникалық жоғары колледжі Орманбек Аяна, жетекшісі: Жунисова Д.
«Графика» І-дәрежелі дипломмен 14-16 жас аралығында Жамбыл облысы, Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы «Көркем сурет балалар мектебі» Нурулла Нурсұлтан, жетекшісі: Айтбеков А.Д.
«Дизайн» І-дәрежелі дипломмен 17-19 жас аралығында Балалар шығармашылық орталығы Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы.Совет Қуат, жетекшісі Исаева А.
«Дизайн» І-дәрежелі дипломмен 14-16 жас аралығында Тараз қаласы, Д.М.Карбышев атындағы №16 орта мектеп оқушысы Онгарбаева Балнур.
«Мүсін» І-дәрежелі дипломмен 14-16 жас аралығында
Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылы Техникалық шығармашылығы және кәсіби бағдар беру орталығы Сейтқасымқызы Жұлдыз, жетекшісі: Тоғанбай Нұрлан
«Қолөнер» І-дәрежелі дипломмен 14-16 жас аралығында Тараз қаласының білім бөлімі Б.Момышұлы атындағы № 45 қазақ классикалық гимназиясының оқушысы Ғалымжанқызы Эльнара, жетекшісі: Абдукадырова Қ.А.
«Көркем фото» І-дәрежелі дипломмен 14-16 жас аралығында Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылы Техникалық шығармашылығы және кәсіби бағдар беру орталығының оқушысы Әміржан Әбдіжаміл, жетекшісі: Қарабалаева А.Қ.