COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ ИННОВАЦИОННЫЙ
ИНСТИТУТ ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Халық қаһарманы Ыбырайым Сүлейменовтің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Халық қаһарманы Ыбырайым Сүлейменовтің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Ыбырайым Сүлейменов Жамбыл облысының тумасы. Ол 1941 жылы әскерге шақырылып, Алматыдағы 100-атқыштар бригадасына келіп қосылады. Ал 1942 жылдың тамызында Мәскеу әскери округінің қарамағына келіп, осы жылдың қазан айында Калинин майданының құрамында соғысқа араласады.

Құралайды көзге атқан мерген атамыз ІІ Жаһан соғысы тарихындағы үш үлкен әскери операцияға – «Марс» деп аталатын Ржев, Сычевка бағытындағы шабуылға, Великие Луки қаласын азат ету жорығына және Невель қаласын жаудан босатуға арналған шайқастарға қатысқан.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен екінші дүниежүзілік соғысының ардагері, ерлігі елге үлгі болған сұрмерген Ыбырайым Сүлейменовке "Халық Қаһарманы" атағы берілді. Ол бір өзі 300-ге жуық неміс-фашистерінің көзін жойып, Невель қаласының түбінде ерлікпен қаза тапқан.
Жеңіс күні қарсаңында Халық қаһарманы атанған Ыбырайым Сүлейменов ескерткішіне ХТИИ ұжымы атынан гүл шоқтары қойылды.