ҚҰЗЫРЛЫ ПЕДАГОГ МАМАНДАРЫН ДАЙЫНДАУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Қазақстан Республикасы білім беру заңында көрсетілгеніндей, адамзат құндылықтары, ғылым мен тәжірибе негізінде, жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау - білім беру жүйесінің негізгі міндеті болып отыр. Халықаралық Тараз инновациялық институты кәсіби мамандарды дайындау мәселесін шешудің де жаңа жолдарын қарастыру мақсатымен үнемі игі істердің басы-қасында жүретін ЖОО-ның бірі. Институт ректоры Е.Б.Саурықовтың қолдауымен, «Педагогика» факультетінің деканы М.Т.Қожаеваның бастамасымен, «Жалпы педагогика» кафедрасының меңгерушісі Р.Т.Елубаева және ПОҚ-ның ұйымдастыруымен Сатпаев көшесі 1 «А» оқу ғимаратында заманауи талапқа сай жабдықталған «Бірінші сынып кабинеті» және «Психологиялық-педагогикалық пәндер зертханасының» салтанатты ашылуы өтті.
Тұсаукесер барысында институт ректоры Е.Б.Саурықов құттықтау сөз сөйлеп, зертханалардың салтанатты ашылу лентасын М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Әлеуметтік психология» кафедрасының доценті, п.ғ.к. Р.Қ. Керімбаевамен бірге қиды.
«Жалпы педагогика» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Р.Е.Елубаева бүгінгі қазақстандық мектептерге қоғамның қарқынды дамуына ілесе алатын, заман талабына сай ойлайтын, ғылыми-әдістемелік білімі жеткілікті, педагогика мен психологияны терең меңгерген ізденімпаз мұғалім қажет. Бұл мұғалімнің кәсіби шеберлігінен көрінеді. Басқаша айтқанда, білім беру үдерісі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамытуына, өзіндік білім алуына және өздігінен шығармашылық түрде қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Мұғалім – бүгінгі оқушы – ертеңгі қоғамның, елдің тірегін өмірге дайындаушы. Ендеше маман даярлауда мұндай заманауи жабдықталған зерханалық кабинеттердің ролі зор екендігін тілге тиек етті.
«Бірінші сынып кабинеті» зертханасымен «Жалпы педагогика» кафедрасының аға оқытушысы Р.Е.Ажибаева таныстырды. «Психологиялық-педагогикалық пәндер зертханасымен» оқытушы А.Д.Таджикова таныстырды.
«ПжП 18-1» тобының студенттері Нұрлыбай Айгерім, Бекбергенов Алдияр және «БОПӘ 19-1» тобының студенті Арпабек Меруерт білім берген институтына, кафедра оқытушыларына алғыс сөздерін айтып, заманауи жабдықталған зертханаларда оқи алмай бітіріп бара жатқандарына өкініш білдірді. Әйтсе де, кейінгі курс студенттеріне қазіргі уақытта білім беру саласында өзгерістер көп, сол өзгерістерге лайық педагог болу үшін қойылатын талаптар да күрделі екендігін, бұл адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту қажеттігіне мән беру маңыздылығын айтып, сәттілік тіледі.
Жақсыны көрмекке демекші, келген қонақтарымыз зертханалардың заманауи талапқа сай, студенттерге қажетті дидактикалық материалдармен талғаммен жабдықталуына ризашылықтарын білдірді.
«Жалпы педагогика» кафедрасының ПОҚ құрамы