COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ ИННОВАЦИОННЫЙ
ИНСТИТУТ ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Инклюзивті қоғам құру

Инклюзивті қоғам құру

2022 жылдың мамыр айының 19 күні «Инклюзивті қоғам құру» бағытындағы бағдарламаны іске асыру және Балалар жылына орай Халықаралық Тараз инновациялық институты «Шерхантану және Рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу орталығы мен «Инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау көрсету» орталығының ұйымдастыруымен «Өмірге құштармын!» атты әлеуметтік жобасының негізінде өткізілген байқаудың қорытынды кезеңі мен марапаттау рәсімі өтті
Жалпы, мүмкіндігі шектеулі жандар - қоғам өмірінен қалыс қалатын, қалтарыста қалатын топ емес. Олар - біздің бір бөлшегіміз, тағдыр таразының сынағына салынған жандар.
Жобаның мақсаты: Еліміздің көптеген аймақтарында, соның ішінде Жамбыл облысының шалғай аудандарында мүмкіндігі шектеулі дарынды жастардың бар екендігі аян. Байқаудың негізгі талабы - Жамбыл облысындағы 7-25 жас аралығындағы кез келген мүмкіндігі шектеулі өнерлі балаларды студенттер «кейіпкері» ретінде ала отырып, бірлесе жұмыс жасады. Бірінші кезең мамыр айының 5 күні өткізілген.
Бұл жоба - мүмкіндігі шектеулі балалар арасында шығармашылықты дамыту мен шалғайдағы елді мекендерде шығармашылық ортаны қалыптастыру мақсатындағы студенттердің жетекшілігімен жүзеге асады.
Жобаның демеушісі – Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры Ерболат Байұзақұлы Саурықов.
Байқаудың бірінші кезеңіне барлығы 19 студент өздерінің «кейіпкерлерімен», яғни мүмкіндігі шектеулі жандарымен қатысты. Байқау талаптарын орындап, үздік деп танылған 10 жұмыс екінші кезеңге жолдама алған болатын. Бүгінгі күні сол 10 үміткер өз өнерлерін көрсетіп, әділқазылар алқасының шешімі бойынша орындарды иеленді.
Байқау қорытындысы бойынша І орынды «Болашақ» мектеп-интернатының 3 сынып оқушысы Кубанычбеков Нұрсұлтан алып, 300 000 теңге көлеміндегі сертификатты иеленді. Нұрсұлтанның көру қабілеті өте төмен. Ол ермексаздан «Туған жер» тақырыбында анимациялық туындылар жасады.
Ал, ІІ орынды балалардың церебралды салдануы диагнозымен ауыратын №17 Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектептің 3 сынып оқушысы Әділ Дінмұхаммед алып, 200 000 теңге көлеміндегі сертификатты иеленсе, ІІІ орынды амниотикалық тарылу симптомымен ауыратын Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің студенті Садыкова Сәуле алып, 100 000 теңге көлеміндегі сертификатты иеленді.
Өзге жеті үміткер де қаржылай марапатталды.
Бұл байқау, жастардың бойында азаматтық-патриоттық позиция ұстануына әсер ете отырып, студенттерді қайырымдылық жасауға тәрбиеледі.

«Шерхантану және Рухани жаңғыру» ҒЗО директоры Айнұр Кембаева