ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ - ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ
31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Елімізде 1993 жылы 14 сәуірде жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы ҚР Заңы қабылданды. 1997 жыл Жалпыұлттық татулық пен саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы, сондай-ақ 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні деп жарияланды.
Осы орайда ХТИИ бірінші проректоры Асқар Абдуалы бастаған қызметкерлер еске алу іс-шарасына қатысып, гүл шоқтарын қойып тағзым етті.