COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / «Экономика және басқару» кафедрасының филиалы салтанатты түрде ашылды

«Экономика және басқару» кафедрасының филиалы салтанатты түрде ашылды

1-қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің ғимаратында Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Экономика және бизнес» факультетіне қарасты «Экономика және басқару» кафедрасының филиалы салтанатты түрде ашылды.

Филиалдың тұсау кесу рәсімін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Сұлтанхан Шәкір Асылханұлы және ХТИИ ректоры Марат Баяндин Асылбекұлы арнайы атқарды.

Бұл үлкен жетістік төржақты меморандум шеңберінде орындалуда. Яғни Халықаралық Тараз инновациялық институты, Дулати университеті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті және Мемлекеттік басқару Академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалы арасындағы келісім.

Аталған филиалдың негізгі мақсаты - студенттер мен оқытушылар теориялық білімдерін практикалық және тәжірибелік тұрғыда одан әрі шыңдауға үлкен септігін тигізетін орын болады деп санаймыз, себебі дуалды оқыту технологиясын пайдалану арқылы теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыра отырып шыңдайды. Өндірістік практикаларын да осы мекеменің көмегімен жүзеге асырады.