Қуанышты жаңалық достар!
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов бастаған Жамбыл облысының делегациясы жұмыс сапарымен Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласына келді. Делегация құрамында Халықаралық Тараз Инновациялық Институты президенті Ерболат Саурыков та бар.
Кездесу барысында Халықаралық Тараз инновациялық институты Санкт-Петербург қаласындағы жоғары оқу орындарымен өзара келісім жасалатыны туралы айтылды.
Тараптар екі ел ғана емес, өңірлер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың кеңейе түсетініне сенім білдірді.
Кездесуде білім, ғылым, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік-гуманитарлық салалары бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.