COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Құрметті қариялар, қадірменді ағалар!

Құрметті қариялар, қадірменді ағалар!

Сіздерді «1 қазан – Халықаралық қарттар күні» мерекесімен құттықтаймыз!

«Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деп өсиет еткен қазақ қашанда қарттарын қадірлеп өскен ұлт. Ардагерлер – еліміздің алтын қоры. Тәжірибесі мол аға буынның өмір жолы біз үшін аса құнды. Сондықтан xалқымыз ертеден-ақ үлкенге құрмет көрсетуді өсиет етіп, ұрпақтар арасындағы сабақтастыққа, үйлесімге ерекше мән берген.

«Ата қайратты болса, бала ғибратты болады» деген ғибратты сөз бекер айтылмаған. Сіздер сабырлылық, қарапайымдылық қасиеттеріңізбен жастарды мейірімділік пен еңбексүйгіштікке, Отанға, отбасына деген адалдыққа және абыройлы болуға тәрбиелеп келесіздер.

Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, ұзақ ғұмыр, отбастарыңызға бақ-береке, ырыс-несібе тілейміз!

P/s: Қазақстанда жасы 100-ден асқан 487 қария бар. Ең қарт адам Түркістан облысында тұрады. Ол 121 жаста. Екінші – Шымкент қаласының тұрғыны, 120 жаста. Үшінші қария өңірімізде тұрады, 119 жаста.