COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Құрметті әріптестер, ұлағатты ұстаздар!

Құрметті әріптестер, ұлағатты ұстаздар!

Мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жан. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді.

Ұстаз – шәкірт бойына асыл ой, адамгершілік, ұлттық сана - сезімді сіңіре білетін тәрбиеші. Ел болашағын сеніп тапсырар, Тәуелсіз Қазақстанның әрі қарай нығаюына үлес қосар өскелең ұрпақты тәрбиелейтін беделді тұлға.Сондықтан да, ұстаздық – қай кезде де сый-құрметке лайық, әрі сұранысқа ие қадірлі де қастерлі мамандық болып қала береді. Төл мереке құтты болсын!!!

Ізгі тілекпен, ХТИИ ректоры Марат Баяндин