COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Астанада Орталық Азиядағы жоғары білім беру кеңістігінің даму перспективалары талқыланды

Астанада Орталық Азиядағы жоғары білім беру кеңістігінің даму перспективалары талқыланды

6.10.2022ж. күні Астанада Болон процесінің бақылау тобы (BFUG) өкілдерінің қатысуымен Орталық Азия жоғары оқу орындары ректорларының конференциясы өтті. Аталған конференцияға Халықаралық Тараз Инновациялық Институты ректоры Марат Баяндин қатысуда. Конференция жұмысы Орталық Азиядағы білім беру саласындағы өңірлік ынтымақтастықты дамыту ілгерілетуге бағытталған.

Конференцияға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан Білім министрліктерінің өкілдері, Орталық Азия елдеріндегі жоғары оқу орындарының ректорлары, Еуропа Кеңесі, Quacquarelli Symonds (QS), UNESCO, BFUG және Латвияның академиялық ақпараттық орталығы сияқты халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Конференцияның пленарлық отырысын ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ашты. Ол Орталық Азиядағы жоғары білім беру кеңістігін құрудың негіздері Еуропалық Одақ пен Орталық Азияның Білім министрлерінің кездесулерінде және басқа да бірлескен жобаларда қаланғанын атап өтті.