COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Әділетті Қазақстанның - жаңашыл жастары

Әділетті Қазақстанның - жаңашыл жастары

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі Жастар ресурстық орталығы, Халықаралық Тараз Инновациялық Институты мен облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Әділетті Қазақстанның – жаңашыл жастары» атты жастар арасында ашық республикалық пікірсайыс турнирі өтті.

Турнирдің мақсаты Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына Жолдауын жастар арасында насихаттау, Жамбыл облыстық «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасын іске асыру және Қала күнін кең көлемде атап өту болып табылады.

Турнир студенттер арасында білімді, білікті, тапқыр, ұшқыр ойлы, өз ойын жақсы дәлелдей білетін азаматтар даярлау, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеуге ықпал ету, студенттердің өзара тәжірибе алмасуына үлкен мүмкіндік беру. Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Түркістан облыстарынан келген қатысушылар Линкольн-Дуглас пікірталастар форматында ойын өрнегін көрсетті.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздарға Қала әкімінің кубогы және 1,2,3 орын, «Үздік спикер», «Үздік төреші» номинациялары бойынша дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табыс етілді.

Турнирдің 1 орын иегері - Жанар Асылбек (Болашақ, Шымкент), 2 орын иегері - Есенбек Қаржаубайұлы (Жастар, Алматы), 3 орын иегері - Жеңіс Құнанбек (Болашақ, Шымкент) иеленді. Ал, турнирдің «Үздік спикер» номинациясымен Жансерік Жолшыбек (Сириус, Алматы), «Үздік төреші» номинациясымен Ұланбике Баушабай (Күлтөбе, Тараз) марапатталды.