ХХІ ғасырдағы педагогикалық білім беру: басымдықтар мен ізденістер
7.10.2022 ж. Астана қаласы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде профессор А.А.Молдажанованы еске алуға арналған «ХХІ ғасырдағы педагогикалық білім беру: басымдықтар мен ізденістер» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Бұл конференцияда ЖОО педагогикалық білім берудегі басымдықтар мен ізденістер туралы профессор-оқытушылар өз ойларымен бөлісті. Конференцияға шетелдік әріптестер онлайн және офлайн форматта қатыса алды.
Аталған іс-шараға Халықаралық Тараз Инновациялық Институты «Педагогика» факультетінің деканы Ботабаева Әдемі Еркебайқызы қатысты.