COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ ИННОВАЦИОННЫЙ
ИНСТИТУТ ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Топырақ түрін морфологиялық белгілеріне қарап анықтау және топырақ микроағзалар мен жәндіктерінің топырақ қасиеттеріне әсері

Топырақ түрін морфологиялық белгілеріне қарап анықтау және топырақ микроағзалар мен жәндіктерінің топырақ қасиеттеріне әсері

13.10.2022 ж. күні «Жаратылыстану» факультетіне қарасты «Биология және ауылшаруашылық мамандықтар» кафедрасының а-ш.ғ.к. А.Ж. Алтынсариев, аға оқытушы Ж.Р.Таңсықбай және оқытушы Д.Д.Кенжалиев «Агробиология ғылыми зерттеу» орталығында 6В08132 «Агрономия», 6В08102 - «Өсімдік қорғау және карантин» бб-ның 4-ші курс білімалушыларына "Топырақ биологиясы" пәні бойынша «Топырақ түрін морфологиялық белгілеріне қарап анықтау және топырақ микроағзалар мен жәндіктерінің топырақ қасиеттеріне әсері» тақырыбында бинарлық әдіспен топтық түрдегі ашық сабақ (дәріс) өткізді.

Ашық сабақты бағалауға «Жаратылыстану» факультетінің декан м.а. Пернеш Маликтаева , «Биология және ауылшаруашылық мамандықтар» кафедрасының меңгерушісі Куралай Айтекова мен ПОҚ-ы, «Сапа, аккредиттеу және рейтинг» және «Академиялық саясат» басқармасының мамандары қатысты.

Ашық сабақты А.Ж.Алтынсариев пен Ж.Р.Таңсықбай тақырыпты теория түрінде қысқаша анықтама беріп, 10-минут өткен соң «Агробиологиялық ғылыми-зерттеу» орталығының егістік алаңында Д.Д.Кенжалиевтің тәжірибе жүзінде топырақ қабаттарының өзгеріске ұшырау себептерін анықтаумен жалғасты. Ашық сабақ барысында тақырып бойынша білімалушыларға еліміздегі топырақ түрлері және егістік пен егінге тиімді топырақ түрлері және құнарландыру туралы сұрақтар қойылды. Сонымен қатар, болашақта ауыл-шаруашылық саласында кездесетін түрлі кедергілер, оның ішінде «Агрономия» мен «Өсімдік қорғау және карантин» бб бойынша мамандардың негізгі атқаратын рөлінің маңыздылығы баса айтылып өтті. Ашық сабақтың қорытындысын Ж.Р.Таңсықбай және Д.Д. Кенжалиев білім алушыларына топырақтың қасиеттеріне тоқталып тәжірбие жүзінде су мен топырақты араластырып көрсетіп берді.

Жоғарыда айтылған ПОҚ-ы мен қызметкерлер бағалауды қорытындылай келе, пәннің оқу- әдістемелік жабдықталуына, сабақ барысында ақпараттық технология мен инновациалық тәсілдерді қолдануына, студентке бағытталған оқыту мен дәріс шеберлігіне қарай А.Ж.Алтынсариев, магистр аға оқытушы Ж.Р.Таңсықбай және магистр оқытушы Д.Д. Кенжалиевтің топтасқан бинар әдістегі сабағына жоғары деген (141-160 балл аралығында) баға берілді.

«Агробиологиялық ғылыми-зерттеу» орталығының базасында жеке пәндер бойынша сабақтар ұйымдастырылып қана қоймай, сондай-ақ оқу-далалық, кәсіптік практикадан өтеді және зоология, ботаника, микробиология, таксидермия т.б. пәндер бойынша кафедраның бекітілген жоспарына сәйкес (Жабық топырақта көкөніс-бақша дақылдарын өсіру технологиясы (жылыжай түрлері)/Патогендік микроорганизмдер, саңырауқұлақтар және жылыжай өсімдіктерінің аурулары/Жылыжай кешендерінде жүргізілетін профилактикалық іс-шаралар: тыңайтқыштар, биопрепараттар/Сумен жабдықтау, суару, өсіру технологиясы т. б. тақырыптар бойынша ҒЗЖ-н орындайды.

Болашақ мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында «Агробиологиялық ғылыми-зерттеу» орталығын ашып (2014 ж) заманауи жабдықталуын қамтамасыз еткен ХТИИ-ның президенті ф.ғ.д., профессор Ерболат Саурыков алғысымыз шексіз! Сонымен қатар, облысымыздағы ауыл-шаруашылық бағыттағы мамандар қажеттілігіне орай ашылған білім бағдарламалары бойынша білікті мамандар даярлап отырған «Жаратылыстану» факультетінің ұжымына шығармашылық табыс тілейміз!

«Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқарманың басшысы Б.К. Жундибаева.