COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / ХТИИ ректорының кубогі

ХТИИ ректорының кубогі

25 қазан – Республика күніне орай Халықаралық Тараз Инновациялық Институты, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы және «Жаңа-Ру» жастар коалициясының ұйымдастыруымен «ХТИИ ректорының кубогі» үшін жастар арасында кіші футболдан турнир өтті.

Турнирдің негізгі мақсаты - студенттер арасында бұқаралық спортты дамыту, жарысқа қатысушылардың спорттық дағдыларын дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Турнирге студенттерден, белсенді жастардан, волонтерлерден құралған 12 топ қатысты. Ойын қорытындысы бойынша 1 орынды «Сония» ФК, 2 орынды «БарStar» ФК, 3 орынды «Сатпаев» ФК иеленді.
Ал, «Үздік қақпашы» номинациясын Сатпаев командасының қақпашысы Қайсар Абейов, «Үздіқ қорғаушы» номинациясын «БарStar» командасының қорғаушысы Мақсат Басанкулов, «Үздік ойыншы» номинациясымен «Сити» командасының ойыншысы Бекасыл Айдаралиев марапатталды. Жеңімпаздарға арнайы медальдар мен кубоктар, 1,2,3 орын иегерлеріне ақшалай сыйлықтар берілді.