Әділетті қоғам. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам
Халықаралық Тараз Инновациялық Институты «Шерхантану және Рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу орталығының ұйытқы болуымен дәстүрлі Шерхан оқулары байқауы биылғы жылы VII ші рет өткізіліп отыр.
Байқаудың негізгі мақсаты - қазақтың халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ш.Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына орай, сан қырлы шығармашылығы мен қайраткерлік тұлғасын өскелең ұрпаққа кеңінен мазмұндап, тәуелсіз ел руханиятындағы маңызын зерделеу, егемен еліміздің әдебиеті мен мәдениетіне үлес қосу және ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті қоғам. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын жүзеге асыру. Сонымен қатар, әдеби таланты бар оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық жұмыстарына қанат бітіру, оқушылардың санасын жаңғырту. Ең бастысы ХТИИ ректоры грантының иегерін және төлемақыға байланысты жеңілдіктерді (50%, 25%) иеленген оқушыларды анықтау.
Байқау төрт бағыт бойынша белгілінген аудиторияларда өтіп, әділқазылар алқасының төрелігімен өз мәресіне жетті. Байқау бағыттары бойынша 1-2 орын алған оқушылар Республикалық кезеңге жолдама алды.
Қазақ руханиятының, тәуелсіз еліміздің діңгегін ұстар Шерхан сынды тұлғалардың қалыптасуына өзіндік серпін беретін, ықпал ететін байқаудың облыстық кезеңі осылайша мәресіне жетті.
Өз кезегінде институт ректоры Марат Баяндин орталықтың ашылу, даму тарихына шолу жасап, жеңіске жеткен оқушыларды марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.
І-бағыт
1 орын: Тұрғанбек Аяулым, Т.Рысқұлов ауд., М.Әуезов ат.тірек мект.
2 орын: Қабыл Балзия, Абай атынд. Жамбыл гум.жоғ.колледжі
ІІ-бағыт
1 орын: Бодаубек Назерке, Шу ауд., М.Мақатаев ат.ом.
2орын: Қуанышбекұлы Әкімжан, Жамбыл политехн.жоғ.колледжі
Абдиғали Зәуре, Сарысу ауд., Ы.Сүлейменов ат.ом.
ІІІ-бағыт
1 орын: Сәтберген Заңғар, Талас ауд., Алғабас ом.
2 орын: Есболатқызы Томирис, «Данын» лицей-интернат»
Омар Азиза, Ы.Алтынсарин ат. №49 мг
Қуантай Диана, Шу ауд., М.Әуезов ат.ом.
IV-бағыт
1 орын: Әкетай Аружан, Т.Рысқұлов ауд., Ш.Уәлиханов ат.ом.
2 орын: Еламан Қарақат, Жамбыл ауд., Әкім Тарази ат. тірек мект.
Телғара Аяулым, Ы.Алтынсарин ат. №49 мг
«Имидждік жұмыс және қоғаммен байланыс» секторы
#Шерхан оқулары
#90 жыл