COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Шерхан Мұртаза - 90 жыл

Шерхан Мұртаза - 90 жыл

Әулиеатада әдебиеттің тойы басталды. Ақиқаттың алдаспаны, ұлы жазушы, қаранар қайраткер Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына орай, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты алдынан Тұлғаның еңселі ескерткіші ашылды. Ескерткішті Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Darhan Qydyráli, ақын, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шаханов, Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаев, танымал қайраткер Амалбек Тшанов, Академик Ғарифолла Есім ашты.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. Өз сөзінде Мұхтар Шаханов, Нұрлан Оразалин, Амалбек Тшанов, Жанғара Дәдебаев және өзге де азаматтар Шерхан Мұртазаның тұлғалық, қаламгерлік, қайраткерлік болмысына тоқталды. Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ақұштап Бақтыгереева Шераға рухына арнап өлең оқыды. Ескерткіштің ашылу салтанатынан соң көпшілік жазушы рухына тағзым етіп, Институт президенті Ерболат Саурыков пен институт ректоры Марат Баяндин гүл шоқтарын қойды.

Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойы аясында Республикалық "ШЕРХАНТАНЫМ: қазіргі қазақ әдебиеті мен баспасөзінің даму үрдісі" атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында Халықаралық Тараз Инновациялық Институты президенті Ерболат Саурыков баяндама жасады.