COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ ИННОВАЦИОННЫЙ
ИНСТИТУТ ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / «ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ТҮРКІ ӘЛЕМІ: ТІЛ, ҚОҒАМ, ӘДЕБИЕТ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

«ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ТҮРКІ ӘЛЕМІ: ТІЛ, ҚОҒАМ, ӘДЕБИЕТ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2022 жылдың 27-28-ші қазан аралығында Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институтының Түркология саласының білікті маманы, ҚР Білім және ғылым министрлігі ЖОО-ның «Үздік оқытушы» грантының иегері, Аймақтық Менеджмент академиясының (Павлодар) профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Кәрібаева Азиза Өтегенқызының 63 жылдық мерейтойына орай «Дүниежүзілік жағдайындағы түркі әлемі: тіл, қоғам, әдебиет» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Алғашқы құттықтау сөз Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры, э.ғ.д. Марат Баяндин , Ғылым және коммерциялау жөніндегі ректордың кеңесшісі, э.ғ.д., профессор Тажибаев Серик Дүйсенәліұлы пленарлық мәжілістің баяндамашыларына ақ жол тілеп, ғылымдағы соңғы жаңалықтармен таныстырып өтті.

Пленарлық мәжілісте 7 баяндама тыңдалды:
1.ҚҰТТЫМУРАТОВА ЫРЫСТЫ АБДІРАХМАНОВНА – Әжінияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институтының доценті, филология ғылымдарының пәлсапа докторы, Қарақалпақстан Республикасы, Нөкіс қ. Тақырыбы: «АНА ТІЛІН ТҰҒЫР ETKEH – TEKTI ҚЫЗ»

2.ЖҮНІС МАЙРА ӘБИБУЛЛАҚЫЗЫ – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, ф.ғ.к., Қазақстан Республикасы, Алматы қ. Тақырыбы: «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАШҚАРИТАНУ: ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ АСПЕКТ»

3.АЛЛАМБЕРГЕНОВА ПЕРХАН КУДАЙБЕРГЕНОВНА– Өзбекстан журналистика және бұқаралық коммуникациялар университетінің докторанты, ф.ғ.к., Ташкент қ. Тақырыбы: «БРИФИНГ – МУСТАҚИЛ ЖАНР”.

4.ҚҰЛАМАНОВА ЗИБА АБДУЛЛАҚЫЗЫ – М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің қ.профессоры, ф.ғ.к., Қазақстан Республикасы, Тараз қ. Тақырыбы: «АЗИЗА КӘРІБАЕВА ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ТҮРКІ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫНЫҢ ДЕРЕККӨЗДЕРІ»

5.ТОРТКУЛБАЕВА ТУРСЫНАЙ АБДИГАЗИЕВНА – Әжинияз атындағы Нөкіс
мемлекеттік педагогикалық институтының доценті, филология ғылымдарының пәлсапа
докторы, Қарақалпақстан Республикасы, Нөкіс қ. Тақырыбы: «ҚАРАҚАЛПАҚ АЙМАҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АҚЫНДАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КӨРКЕМДІГІ»

6.БАЕШОВА БАЛЗИЯ ШЕГЕТАЙҚЫЗЫ – Қ.А.Ясауи атындағы қазақ-түрік университетінің доценті, ф.ғ.к., Қазақстан Республикасы, Түркістан қ. Тақырыбы: «ТҮРІК ХАЛЫҚТАРЫ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ТӨРТТІК (ТӨРТТАҒАН) ЖАНРЫ»

7.АМАНГЕЛЬДИЕВА АЯНА МУРАТОВНА– Әлейхан Бөкейханов атындағы №1 гимназияның 9-сынып оқушысы, Қазақстан Республикасы, Тараз қ. Тақырыбы: «ҚАЗІРГІ АНТРОПОНИМЖАСАМДАҒЫ КӨНЕ ТҮРКІЛІК САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК ТЕРМИНДЕР».

Халықаралық конференция төмендегідей бағыттар бойынша жүргізілді:

1.АЗИЗА КӘРІБАЕВА ФЕНОМЕНІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
2.ҚАЗІРГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ АЯСЫНДА БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢАША БАҒЫТТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
4.ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
5.ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ

Кәрібаева Азиза Өтегенқызының мерейтойына орай ұйымдастырылып отырған «Дүниежүзілік жағдайындағы түркі әлемі: тіл, қоғам, әдебиет» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына 80-ге жуық ғылыми мақалалар мен баяндамалар келіп түсті. Баяндамалар (Әжінияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институты, Өзбекстан журналистика және бұқаралық коммуникациялар университеті, «Манас» атындағы қырғыз-түрік университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз гуманитарлық-техникалық колледжі, Назарбаев зияткерлік мектебі, қалалық гимназия мектептері мен аудандық мектептерден т.с.с.) келіп түсті.

Пленарлық мәжіліске қатысқан зиялы қауым өкілдерін ХТИИ, Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар басқармасының басшысы, б.ғ.к., профессор Латифа Кожамжарова Сейдахметқызы, «Педагогика» факультетінің деканы, п.ғ.к. Ботабаева Әдемі Еркебаевна, Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Рабига Беркенова Ағабекқызы І дәрежелі дипломдармен марапаттады.

Пертаева Эльмира Құлибайқызы
ХТИИ, «Педагогика» факультеті,
«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті, ф.ғ.к.