COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Мемлекеттік сатып алуға арналған электрондық сауда алаңдары

Мемлекеттік сатып алуға арналған электрондық сауда алаңдары

07.11.2022 ж. күні «Экономика және бизнес» факультетіне қарасты «Экономика және басқару» кафедрасының аға оқытушысы Ж.А.Махашева "Мемлекеттік сатып алулар" пәні бойынша "Мемлекеттік сатып алуға арналған электрондық сауда алаңдары" тақырыбында МЖБ-19-1 тобына ашық сабақ өткізді.

Ашық сабақты бағалауға «Экономика және басқару» кафедрасының ПОҚ-ы мен «Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының қызметкерлері қатысты. Ж. Махашеваның өткен тақырып бойынша қойылған сұрақтарына студенттер белсенді жауап берді. Оқытушы жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңінде презентация арқылы түсіндірме-иллюстрациялық әдісті қолданды. Дәрісте мемлекеттік сатып алуға арналған электрондық сауда алаңдары және оның мазмұны, түрлері және формаларын түсіндірді. Сонымен қатар әлемдегі электронды сауданың даму көрсеткіштерімен еліміздегі электронды сауданың дамуын салыстырып мысалмен айтып берді.

Жоғарыда айтылған ПОҚ-ы мен қызметкерлер бағалауды қорытындылай келе, Ж.А.Махашеваның берілген пәнге оқу-әдістемелік жабдықталуына, сабақ барысында ақпараттық технология мен инновациалық тәсілдерді қолдануына, студентке бағытталған оқыту мен дәріс шеберлігіне жақсы деген (111-139-балл) баға берді.

«Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқарманың басшысы Ботагоз Калдыбековна Жундибаева.