COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ ИННОВАЦИОННЫЙ
ИНСТИТУТ ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Әскери қызмет және әскери қызметкерлердің мәртебесі туралы заң

Әскери қызмет және әскери қызметкерлердің мәртебесі туралы заң

07.11.2022ж. күні «Шығармашылық мамандықтар» факультетіне қарасты «Бастапқы әскери дайындық және шығармашылық мамандықтар» кафедрасының аға оқытушысы Б.М.Үсен «Әскери құқық негіздері» пәні бойынша «Әскери қызмет және әскери қызметкерлердің мәртебесі туралы заң» тақырыбында БӘД-21-1 тобына ашық сабақ өткізді.
Ашық сабақты бағалауға «Бастапқы әскери дайындық және шығармашылық мамандықтар» кафедрасының ПОҚ-ы мен «Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының маманы қатысты.

Б.М.Үсен презентация бойынша жаңа тақырыптың маңыздылығын яғни дәріс барысында аталған заң ҚР азаматтарының әскери қызметті өткеруі саласындағы қоғамдық қатынастарын реттеп және әскери қызметшілерді әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясат негіздерін айқындайтынын түсіндіріп берді.

Оқытушы студент жастарды тәртіп пен заңға құлықты болуға, кәсіби біліктілік пен жауынгерлік шеберліктерін сонымен қатар алдына қойған міндеттерін табысты шешуге қажетті жауапкершіліктерін бүгінгі таңдағы әлеуметтік көзқарас бағыттарымен байланыстыра түсіндірді.

Жоғарыда айтылған ПОҚ-ы мен қызметкерлер бағалауды қорытындылай келе, Б.М.Үсеннің берілген пәнге оқу-әдістемелік жабдықталуына, сабақ барысында ақпараттық технология мен инновациалық тәсілдерді қолдануына, студентке бағытталған оқыту мен дәріс шеберлігіне жақсы деген (111-139-балл) баға берді.

«Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқарманың басшысы Ботагоз Калдыбековна Жундибаева.