MathCad – та сандық интегралдау және дифференциалдау
15.11. 2022 ж. күні «Жаратылыстану» факультеті «Ақпаратты-коммуникативтік технологиялар» кафедрасының оқытушысы Гульнур Шомаева «Компьютерлік – математикалық жүйелер» пәні бойынша «MathCad –та сандық интегралдау және дифференциалдау» тақырыбында, Аж-20-1, Инф-20-1, Ет-20-1 топтарына ашық сабақ өткізді.
Өткен тақырып бойынша студенттер LearningApps.org интерактивті сайты арқылы «Сәйкесін тап», «Кім миллионер болады» ойын тапсырмаларын орындап, екінші ойында студенттер белсенді жауап берді. Үйге берілген есептер бойынша студенттер тақтаға шығару әдістерін көрсетті.
Оқытушы жаңа тақырыпты презентация бойынша түсіндірді. Mathcad – бұл ғылым, білім және техниканың әртүрлі салаларында массивті математикалық есептерді шешуді автоматтандыруға арналған компьютерлік математиканың танымал жүйесі.
Оқытушы сабақты қорытындылау кезенінде LearningApps.org бағдарламасын қолдана отырып студенттерге сұрақтар берді. Рефлексиялық – бағалау кезеңінде студенттер тақтаға жаңа тақырыпты меңгерген пікірлерін жазып, жасыл және қызыл стикерлерді жапсырды.
Ашық сабақты бағалауға «Ақпаратты-коммуникативтік технологиялар» кафедрасының ПОҚ-ы мен «Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының маманы қатысып, пәннің оқу- әдістемелік жабдықталуына Г.К. Шомаеваның сабақ барысында ақпараттық технология, инновациалық тәсілдерді қолдануына, студентке бағытталған оқыту мен дәріс шеберлігіне өте жақсы деген (141- 160 балл) баға берді.
«Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының басшысы Б.К. Жундибаева.