COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Инфляция және жұмыссыздық экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі

Инфляция және жұмыссыздық экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі

23.11.2022 ж. күні «Экономика және бизнес» факультеті, «Экономика және басқару» кафедрасының аға оқытушысы А.Ж.Маханова «Экономикалық теория» пәні бойынша «Инфляция және жұмыссыздық экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі» тақырыбында, ЭК, МЖБ, ҚАР, ЕА, МЕН-22-1 топтарына ашық сабақ өткізді.

А.Ж.Маханова студенттерге өткен тақырып бойынша сұрақтар қойды, жауаптарын талқылады. Оқытушы жаңа тақырыпты презентация арқылы, инфляцияның түсінігі, күтілетін және күтілмейтін инфляция, инфляциялық әрекет ету механизмі, инфляцияның экономикалық салдары және жұмыссыздықтың түсінігі, түрлері, жұмыссыздықтың әлеуметтік - экономикалық салдары туралы айтып, Филлипс қисығы және Оукен Заңы мәселелері туралы түсіндірді.

Сабақ барысында студенттер презентациямен Жамбыл облысы бойынша инфляция мен жұмыссыздық туралы салыстырмалы талдауды жылдар бойынша кестеде көрсетті, қажетті өнімдердің абсолютті көрсеткіштерін көрсетті және Қазақстан мен әлемдегі жұмыссыздық, деңгейі бойынша қысқаша айтып берді. Сабақ соңында оқытушы Kahoot бағдарламасын қолдана отырып студенттерге жаңа тақырып бойынша тест жүргізді.

Ашық сабақты бағалауға «Экономика және басқару» кафедрасының ПОҚ-ы мен «Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының маманы қатысып, пәннің оқу-әдістемелік жабдықталуына А.Ж.Маханованың сабақ барысында ақпараттық технология, инновациалық тәсілдерді қолдануына, студентке бағытталған оқыту мен дәріс шеберлігіне жоғары деген (141- 160 балл) баға берді.

«Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының басшысы Ботагоз Калдыбековна Жундибаева.