COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Іздеу алгоритмдері

Іздеу алгоритмдері

29.11.2022 ж. күні «Жаратылыстану» факультеті, «Ақпаратты-коммуникативтік технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Г.Б.Ерманова «Алгоритмдер және деректер құрылымы» пәні бойынша «Іздеу алгоритмдері» тақырыбында АЖ, КҒ-22-1 топтарына ашық сабақ өткізді.

Сабақтың басында оқытушы ZipGrade бағдарламасын қолдана отырып, студенттерге өткен материал бойынша тест берді. Ал, жаңа сабақтың мақсатымен таныстыра отырып, тақырыпты презентация бойынша түсіндірді.

Студенттерге Solo learn программасында есептер шығартқызды. Сабақта рефлексиялық – бағалау кезеңінде Google Form-да сұрақ–жауап арқылы, сабақтың нәтижесін бағалады. Сабақты қорытындылау кезеңінде оқытушы тапсырмалардың барлық бағытын ескере отырып студенттердің жауаптарын бағалады.

Ашық сабақты бағалауға «Ақпаратты-коммуникативтік технологиялар» кафедрасының ПОҚ-ы мен «Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының маманы қатысып, пәннің оқу- әдістемелік жабдықталуына Г.Б.Ерманова сабақ барысында ақпараттық технология, инновациялық тәсілдерді қолдануына, студентке бағытталған оқыту мен дәріс шеберлігіне жоғары деген (141- 160 балл) баға берді.

«Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының басшысы Ботагоз Калдыбековна Жундибаева.