COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ ИННОВАЦИОННЫЙ
ИНСТИТУТ ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Әдеби процесс

Әдеби процесс

01.12.2022 ж. күні «Педагогика» факультеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы О.Т.Саржаев «Әдебиеттануға кіріспе» пәні бойынша «Әдеби процесс» тақырыбында ҚТ-22-1 тобына ашық сабақ өткізді.

О.Т.Саржаев презентация арқылы сабақтың мақсаты сөз өнеріндегі тек пен түр, бет пен бағыт туралы түсінік беру, сөз өнерінің әр алуан тектері мен түрлерін туғызған тарихи жағдайларға тоқталу, әдеби бағыт, әдеби ағым, әдеби мектептердің әдеби дамудың формалары екендігін ұғындыру және реализм мен романтизмнің негізгі сипаттарын айқындап, талдау екенін түсіндіріп берді.

Студенттер Kahoot бағдарламасын қолдана отырып, тест тапсырмаларына жауап берді. «Сәйкестендіру» ойынын ойнап, бос орынға әдеби бағыттың атын жазып, неліктен әдеби бағыттың бұл түрін таңдағанын қысқаша айтып берді. Оқытушы презентация арқылы студенттерге блиц-сұрақтар қойып, трагедия, комедия және драма жанрларын анықтады.

Ашық сабақты бағалауға «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ПОҚ-ы мен «Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының маманы қатысып, пәннің оқу-әдістемелік жабдықталуына О.Т.Саржаевтың сабақ барысында ақпараттық технология, инновациалық тәсілдерді қолдануына, студентке бағытталған оқыту мен дәріс шеберлігіне жоғары деген (141- 160 балл) баға берді.

«Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының басшысы Ботагоз Калдыбековна Жундибаева.