COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Тәуелсіздік ұрпақтары

Тәуелсіздік ұрпақтары

12.12.2022ж. күні Астана қаласында "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

Жеңімпаздарды Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі арнайы құттықтады.

Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты "Мемлекеттік жергілікті басқару" мамандығының 1 курс студенті Намелбек Азамат Намелбекұлы "Бизнес" бағыты бойынша жеңімпаз атанды.

"Тәуелсіздік ұрпақтары" гранты ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жыл сайын беріледі.

Жобаның мақсаты - белсенді, шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау. Биыл 1000-нан астам жастың жобалары қабылданды.

Нәтижесінде "Тәуелсіздік ұрпақтары" гранты 2022 жылы "Ғылым", "Мәдениет", "Ақпараттық технологиялар", "Бизнес", "Медиа" бағыттары бойынша үздік деп танылған 33 жобаның жеңімпаздарына табысталды.