COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ ИННОВАЦИОННЫЙ
ИНСТИТУТ ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / ҚЫСҚЫ МЕКТЕП ЕКІНШІ КҮН

ҚЫСҚЫ МЕКТЕП ЕКІНШІ КҮН

Бүгін, 06.01.2023ж. Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты жас оқытушыларға арналған Қысқы мектеп «Жоғары білімнің нормативтік-құқықтық аспектілері». «Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар.Студенттік өзін-өзі басқару» модульдері бойынша екінші күнін аяқтады.

«Жоғары білімнің нормативтік-құқықтық аспектілері» модуль 1 бойынша оқытушылар нені меңгерді?
- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламасы бойынша нормативтік-құқықтық құжаттар мен білім саласындағы заңдарды қолдана білуді;
- кредиттік технология бойынша оқу процесін, оқытушылардың және студенттердің оқу жүктемесін;
- эдвайзерлердің қызметі, студенттердің пән таңдау мүмкіндіктерін, студенттің жеке оқу жоспарын, білім беру траекторияларын, элективті пәндер, бағалау критерийлерін, академиялық талаптар, ECTS кредиттерін, GPA деңгейін, емтихан рәсімдері мен жазғы семестрді ұйымдастыру;
- сапаны қамтамасыз ету бойынша (ESG) стандарттары негізінде институт бойынша қабылданған құжаттар, ішкі сапаны қамтамасыз ету бойынша факультетаралық комиссияның міндеті мен мақсаттары;
- дуальды оқытуды ұйымдастыру мен маңыздылығы, институттағы білім бағдарламалары бойынша дуальды оқыту жүйесі;
- кәсіби практикаларды ұйымдастыру, институттың практикалық базалары, келісім шартқа тұру, кәсіби практика түрлері бойынша есептерін тексеру, практика жетекшілерінің қызметі;
- жұмыс оқу жоспарлары мен білім бағдарламаларын әзірлеу, білім бағдарламаларының маңыздылығы;
- оқу-әдістемелік кешендер мен силлабустарды әзірлеу, өзектендіру, инновациялық оқыту технологияларын ендіру, қолданылатын әдебиеттер тізілімін т.с.с.,

«Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар. Студенттік өзін-өзі басқару» модуль 2 бойынша оқытушылар нені меңгерді?
- студенттік өзін-өзі басқару, тәрбие және әлеуметтік жұмыстар басқармасының негізгі жұмыс бағыттары, институт бойынша студенттерге қолдау қызмет түрлерін, белсенді студенттерге арналған білім деңгейін көтермелеу жүйесін;
- академиялық адалдық, жемқорлыққа саясат туралы институттағы жүзеге асырылып жатқан құжаттар, атқарылған маңызды іс-шаралар т.б.

Сондай-ақ, қысқы мектепке қонақ ретінде ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Айбек Ажибаев Иткараевич қатысты. Айбек Итқараұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан іс-шаралар туралы толық ақпарат беріп, оқытушылардың сұрақтарына жауап берді.

Оқытушылар үшін көкейкесті сұрақтарының бірі алдағы жылдары декларация толтыру және оның негізгі мақсаты туралы жауап алды.
Сонымен 05-06.01.2023ж күндері оқытушыларға «Жоғары білімнің нормативтік-құқықтық аспектілері». «Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар. Студенттік өзін-өзі басқару» модульдері бойынша ақпараттық сабақтар жүргізген тренерлерге: «Академиялық жұмыстар жөніндегі» проректор, А.С.Кадырова, «Академиялық саясат басқармасының» басшысы, К.Н.Тастанбекова, Тіркеу офисінің жетекшісі М.А.Азимова, «Сапа,аккредиттеу және рейтинг» басқармасының басшысы, Б.К.Жундибаева, «Қорытынды аттестаттау және дуалды оқыту секторының» маманы, Б.Ж.Дуралиева, «Түлектерді жұмысқа орналастыру және кәсіптік практика» секторының жетекшісі, Ж.М.Сексенбаева, «Академиялық саясат басқармасының» орынбасары Ж.Б.Шыныбаева, «Әдістемелік сектор» маманы Н.М.Тескеналиева, «Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар» жөніндегі проректор Г.К.Кулабекова, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы А.И.Ажибаев, Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар бөлімінің басшысы А.Е.Ержигитова, «Тәрбие жұмысы және жастар саясаты» басқармасының басшысы, С.Қ.Берікқожаға зор алғыс білдіреміз!

«Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының басшысы Б.К. Жундибаева