COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / ҚЫСҚЫ МЕКТЕП ҮШІНШІ КҮН

ҚЫСҚЫ МЕКТЕП ҮШІНШІ КҮН

Бүгін, 09.01.2023 ж. Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты жас оқытушыларға арналған «Жоғары мектепте оқыту әдістемесі» модуль бойынша Қысқы мектеп жұмысы жандана түсті.

«Жалпы педагогика» кафедрасының оқытушысы, п.ғ.к. К.С.Бактыбаева «Дәрістер, семинарлар және зертханалық сабақтар өткізу ерекшеліктері». «Сабақтың SMART мақсаттарын қою». «Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» тақырыптары аясында дәріс бере отырып, шеберлік сабақтарын жүргізді.

«Жоғары мектепте оқыту әдістемесі» модуль бойынша оқытушылар нені меңгерді?
- дәріс пен семинар және зертханалық сабақтардың айырмашылығы және байланысы;
- сабақты жоспарлау, мақсат қою;
- SMART сөзінің мағынасы;
- сабақтан күтілетін нәтижелер;
- педагогикалық әдістерді қолдану жағдайлары;
- шығармашылық тапсырмалар арқылы студенттерді тақырыпты тез меңгеруге баулу;
- институттағы бағалау жүйесі;
- студенттердің білімін бағалау.

Сондай-ақ, К.С.Бактыбаева оқытушыларға түрлі тапсырмалар орындатқызып, бірнеше педагогикалық әдістердің айырмашылығын, маңыздылығын практика түрінде көрсетіп берді. Оқытушылар топқа бөлініп, аса қызығушылықпен және жауапкершілікпен берілген тапсырмаларды орындап шықты.

Сонымен қатар, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Су ресурстары және суды пайдалану» кафедрасының оқытушылары Қысқы мектепке аса қызығушылық танытып, бүгіннен бастап, қатысып институттың материалдық базасы мен жоғары деңгейде ұйымдастырылған іс-шараға өз алғыстарын білдірді.


«Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының басшысы Б.К. Жундибаева