ҚЫСҚЫ МЕКТЕП БЕСІНШІ КҮН
Бүгін, 11.01.2023ж. Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты жас оқытушыларға арналған Қысқы мектеп «Жоғары мектептегі оқыту технологиялары» модулі бойынша бесінші күнді аяқтады.
«Табысты Startup: табысты Startup жобаларының құрылымы, рәсімделуі». «Оқу процесінде топтық динамиканы қалыптастыру мен қолдаудың негізгі аспектілері». «Көшбасшылық пен командалық жұмыс арасындағы байланыс». «Self-management білім берудің маңызды аспектілерінің бірі» тақырыптары аясында «Кәсіпкерлік орталығының» жетекшісі, с.ғ.к. С.О.Телеуова шеберлік сабақтарын жүргізді.
Оқытушылар жоғарыда аталған тақырыптар бойынша келесі түсініктерді меңгерді:
- startup ұғымы туралы;
- табысты Startup;
- жетістік аксиомасы;
- көшбасшылық және топпен жұмыс жасау;
- білім берудің маңызды аспектісі- Self-management.
Сонымен қатар, «Эмоционалды интеллект». «Сыни және шығармашылық ойлау» тақырыптары аясында «Стратегия, ғылым-инновация және халықаралық байланыстар» жөніндегі проректор, ф.ғ.д. Н.П.Буюклиев шеберлік сабақтарын жүргізді.
Оқытушылар жоғарыда аталған тақырыптар бойынша келесі түсініктерді меңгерді:
- эмоционалды интеллект;
- сыни ойлау;
- шығармашылық ойлау;
- адам бойындағы эмоцияға берілетін себептер;
- эмоцияға берілмеу жолдары;
- студенттер емтиханға дайындалу кезіндегі жіберетін қателіктер;
- күйзеліске берілмеу және жою;
- студенттерге тапсырмаларды орындату барысында жылдамдықты қалыптастыру жолдары;
- нақты шешімдер қабылдау.
«Жоғары мектептегі оқыту технологиялары» модуль аясындағы тақырыптар бойынша тренерлер оқытушылар ойларымен бөлісіп, сұрақ-жауап алмасты.
«Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының басшысы Б.К. Жундибаева