COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ ИННОВАЦИОННЫЙ
ИНСТИТУТ ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / ҚЫСҚЫ МЕКТЕП ЖАБЫЛУЫ

ҚЫСҚЫ МЕКТЕП ЖАБЫЛУЫ

Ш.Мұртаза атындағы ХТИИ жас оқытушыларының біліктілігін арттыру мақсатында ректорымыз Марат Асылбекұлы және «Академиялық жұмыстар жөніндегі» проректор Ақмарал Сатбекқызының бастамасымен ұйымдастырылған «Жоғары мектептегі заманауи трендтер» тақырыбымен ҚЫСҚЫ МЕКТЕП-2023 өз мәресіне жетіп, кеше жабылу рәсімі салтанатты түрде IV бағытта өтті.

I БАҒЫТ Қысқы мектепте барлығы 22 тренер төмендегі 9 модуль бойынша жекелеген 33 тақырыптың аясында шеберлік сабақтар жүргізді:
-модуль 1/Жоғары білімнің нормативтік-құқықтық аспектілері;
-модуль 2/Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар.Студенттік өзін-өзі басқару;
-модуль 3/Жоғары мектепте оқыту әдістемесі;
-модуль 4/Жоғары мектептегі оқыту технологиялары;
-модуль 5/ Оқытушының ғылыми жұмысы;
-модуль 6/HR-менеджмент;
-модуль 7/Заманауи кітапхана жұмысындағы креативті тәсілдер;
-модуль 8/Оқытушылық қызметтегі ақпараттық технологиялар;
-модуль 9/ Электронды құжат алмасу. Білімалушыларды бағалау жүйесі.

Барлық тренерлер «Жоғары мектептегі заманауи трендтер» Қысқы мектебіне тренер ретінде үлес қосқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.

II БАҒЫТ Ғалым-хатшы К.У.Тамабаева, «Ақпараттық-кітапхана орталығының» директоры С.Н.Сапарғалиева, «Сапа,аккредиттеу және рейтинг» басшысы Б.К.Жундибаеваның демеушілігімен Қысқы мектеп барысында «Ең белсенді оқытушы», «Көшбасшы оқытушы», «Шығармашыл оқытушы», «Ізденімпаз оқытушы», «Ең жауапты оқытушы» т.б. номинациялар бойынша Ш.Мұртазаның «Бір кем дүние» атты кітабы және түрлі жанрдағы көркем әдебиеттер 20 жас оқытушыға сыйға тарту етілді.

III БАҒЫТ Қысқы мектепке жұмыс өтілі 1-2 жыл, бала күтіміне байланысты демалыстан шыққан және педагогикалық біліктілігін арттырғысы келген барлығы штаттық 75 оқытушы қатысты. Барлық қатысушыларға ҚЫСҚЫ МЕКТЕП- «Жоғары мектептегі заманауи трендтер» атты 72 сағаттық сертификаттар табыс етілді.

IV БАҒЫТ Институттың оқу, тәрбие, ғылым, кітапхана, ақпараттық-коммуникативтік т.б. бағыттардың жұмысын жандандыру, сапалы қызмет етуді дамыту және жас оқытушылардың Қысқы мектепке байланысты ұсыныстарын білу мақсатында 8 сұрақтан құрылған Google-сауалнама жүргізілді. Төменде жекелеген сұрақтар негізінде сауалнама нәтижесі бойынша тоқтала кетсек:

- сіз, студенттерге сапалы білім беріп білікті оқытушыға айналу үшін не қажет деп санайсыз? –деген сұраққа оқытушылардың 79%-ы үнемі білімді дамыту мен іздену керек және біліктілігі жоғары оқытушылардан тәжірбие алмасу керек деген жауаптарды тандаған;
- сіз, Қысқы немесе Жазғы мектеп бағдарламаларына қандай тақырыптардың көбірек енгізілгені дұрыс деп санайсыз ? –деген сұраққа оқытушылардың 51,2%-ы нормативті құжаттармен жұмыс жасау және ғылым,тәрбие бағыттары бойынша деген жауаптарды тандаса , ал, 29,3%-ы педагогикалық шеберлікті арттыру қажет деп санаған;
- қысқы мектеп жұмысының ұйымдастырылуына берер бағаңыз қандай? -деген сұраққа оқытушылардың 85,4 %-ы өте жақсы, 12,2 %-ы жақсы, 2,4%-ы орташа деп бағалаған;
- сіз, оқытушыларға Қысқы немесе Жазғы мектеп өткізілуі қажет деп есептейсіз бе ?-деген сұраққа оқытушылардың 97,5 % иә деп жауап берген.

Сонымен қатар, бірнеше оқытушылар Қысқы мектепке ұсыныстары мен алғыстарын білдіріп өтті.
Біз, үшін ең басты мақсат, жас оқытушылардың біліктілігін арттыру үшін, ПОҚ-ы құрамы оның ішінде: профессор, ғылым докторлары ғылым кандидаттарының, өмірлік тәжірбиесін және кәсіби мамандардың біліктілігін бөлісу болып табылады. Ол мақсат та орындалды, енді күтілетін нәтиже жас оқытушылардың Қысқы мектептен алған білімдерін тәжірбие жүзінде іске асырулары.
Ш.Мұртаза атындағы ХТИИ-да ең алғаш рет өткізілген Қысқы мектеп жұмысын қорытындылай келе, шеберлік сабақтарын жүргізген әріптестерімізге және бізбен бірге болған барлық оқытушыларға зор алғысымызды білдіреміз!

«Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының басшысы Б.К. Жундибаева.