«Robotek Grand Tournament» республикалық турнирінің (екінші) облыстық кезеңі басталды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы және Ш.Мұртаза» атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты ұйымдастыруымен мектеп оқушыларына арналған робототехникадан «Robotek Grand Tournament» республикалық турнирінің (екінші) облыстық кезеңі бастау алды.
Облыстық турнирге аудандық, қалалық білім бөлімдерінің және облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім мекемелерінің 71 командасы, 136 оқушысы қатысуда.