COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Құрметті достар!

Құрметті достар!

3 ақпан күні Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтына Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев ресми келіп, оқу орнымыздың қызметімен және алдағы жоспарларымен танысып, студенттермен кездесті. Бұл құрылғанына биыл 15 жыл толатын жас ұжым үшін үлкен мәртебе.

Біздің аз уақытта жеткен жетістіктеріміз өңір жұртшылығының көз алдында өтіп жатыр. Әр атаулы датаға бір нысан ашу дәстүрге айналған. Оқу ғимараттары, ғылыми-зерттеу орталықтары, спорт кешені, қысқы бақ, Студенттер үйі, Шерхан Мұртаза аллеясы және т.б. білім алушылардың игілігіне берілген. Институтқа қарасты Тараз инновациялық көпсалалы колледжі бар..

Биылғы оқу жылында институтымыз республика жоғары оқу орындары арасында алғашқы болып өз қаржысы есебінен ауыл мектептерінің түлектері үшін «ХТИИ-дың 100 гранты» әлеуметтік жобасын ұсынды. Грант иегерлері тегін білім алуда.
Мұның бәрі мықты басшы мен ұжымның тынымсыз еңбегінің нәтижесі.

Әлеуметтік желілерде кешеден бері институтымызға қатысты түрлі пікірлер жазылуда. Жақсы пікірлер бізді жаңа идеяларды жүзеге асыруға қуаттандырса, теріс пікірлер ізденіске, дамуға жетелейді.
Біздің жетістігімізді институтымызға келіп, студенттермен кездесіп, бәрін көзімен көрген қонақтарымыздың пікірлерінен де көруге болады.

Алда үлкен жоспарларымыз бар. Оның жүзеге асуының да куәсі боласыздар. Ал, кемшіліктер барлық кезде болған. Оны жөндей білудің өзі үлкен өнер.

Әлеуметтік желі қолданушыларының назарына осындай пікір айтуды жөн деп санадық. Жақсы істерімізбен бөлісе білейік. Барлығыңызға сәттілік тілейміз!

Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Г.Құлабекова