COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / №11 орта мектеп түлектеріне "Ашық есік" күні ұйымдастырылып өткізілді

№11 орта мектеп түлектеріне "Ашық есік" күні ұйымдастырылып өткізілді

Шерхан Мұртаза атындағы ХТИИ "Педагогика" факультетінің "Шетел тілдері" кафедрасының ұйымдастыруымен қалалық мектеп бітірушілері арасында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу бойынша бірқатар іс-шаралар атқарылуда, оның ішінде, Тараз қ. №11 орта мектеп түлектеріне "Ашық есік" күні ұйымдастырылып, өткізілді.
Оған, №11 орта мектеп түлектері мен ағылшын тілі пәні мұғалімдері: М.М.Сарыбаева мен А.Ж.Сейткадирова қатысты.

Бұл іс-шарада факультет деканы п.ғ.к. Ә.Е.Ботабаева, кафедра меңгерушісі п.ғ.к. Ұ.Т.Нурманалиева және оқу бөлімінің жетекші маманы Ж.М.Сейсенбаева сөз алып, институттың базасы, факультет және кафедраның тыныс-тіршілігімен таныстырды.

Мектеп түлектері өз кезегінде өздері таңдаған мамандықтарының келешегі, олардың қыр-сырлары туралы сұрақтар қойып, пән оқытушыларымен пікір алмасты. Сондай-ақ, бұл іс-шараға Шт-20-1 тобының студенттері мен топ жетекшісі Г.А.Байгазиеваның басшылығымен жүргізіліп жатқан "New STEP project" стартап жобасын таныстырып, жеткен жетістіктеріне презентация жасады.

Іс-шара барысында №11 орта мектеп базасында өткен ағылшын тілі апталығының екінші кезеңі институтта жалғасын тапты, мұнда, ағылшын тілінен бірнеше тілдік тапсырмалар беріліп, нәтижесінде, ағылшын тілін жетік меңгерген бір қатар оқушылар арнайы дипломдармен марапатталды.

Кафедра оқытушылары мектеп бітірушілерінің шетел тілін жетілдіру мақсатында, оларға арнайы дайындық курстарын ұйымдастыратынын хабарлап, қатысуға шақырды.
Бұл кездесу мектеп түлектеріне болашақ мамандықтарын таңдауда өте қатты әсер етіп, келешекте осы оқу орнына оқуға түсетіндерін айтты. Мектеп түлектері мен мұғалімдері "Ашық есік" күнінен үлкен серпіліс алып, қысқы баққа саяхат жасады.