COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / «ITII HACKATHON-2023» форумы өз мәресіне жетті

«ITII HACKATHON-2023» форумы өз мәресіне жетті

2023 жылдың 25 ақпанында Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институтында өткен бірінші аймақтық «ITII HACKATHON-2023» форумы өз мәресіне жетті. Қатысушылар өз жобаларын қорғап, олардың ішінен ең үздіктер анықталды.

Хакатон қатысушылары ішінде Жамбыл облысының екі жоғары оқу орны, 7 колледж студенттері, 35 мектеп оқушылары еліміздің ІТ саласының мықты мамандары жюри, менторлар жұмысына тартылды.

Хакатонның сырттай этапы 20 күн шамасында өтті. Қатысушыларға әр түрлі бағытта бас демеушілер кейстер ұсынды: мобильдік қосымша әзірлеу, чат-бот жасау, сайт әзірлеу. Оның нәтижесі – дайын ІТ өнім болуы тиіс еді.

Хакатонға студенттер мен оқушылар жоғары қызығушылықпен және белсенділікпен қатысты. Жамбыл облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы ұсынған «Тараз қаласының мобильдік қосымшасын әзірлеу» №1 Кейсі бойынша Жуалы ауданы Т.Тастандиев атындағы №11 орта мектебінің 10 сынып оқушыларының «GOLDEN BAJ» командасы ең үздік деп аталып, Ш.Мұртаза атындағы ХТИИ оқу грантына иеленді. Команданың барлық 3 мүшесі біздің институтымыздың болашақ грант иегерлері атанды.

«Банк Центр кредит» АҚ Тараз филиалы ұсынған «Чат-бот әзірлеу» №2 Кейс бойынша Жамбыл инновациялық жоғары колледж студенттерінен құралған «BCC Chat bot» командаcы ең үздік болып табылды, олар 500000 теңге жүлдеге ие болды.

«AMRI» Маркетингтік және жарнамалық бірлестіктер қауымдастығы ұсынған «Фрилансерлерге арналған платформа» №3 Кейс бойынша ең үздік команда деп «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицейінің «Besties» командасы жүлделі приз – 250000 т.ие болды.

«Chinese kz» Білім беру орталығы ұсынған «Шетелде оқуға арналған платформа» №4 Кейс бойынша жүлдені – 200000 теңгені Жамбыл политехникалық жоғары колледждің «Ctrl C» командасы алды.
Негізгі жүлделерден басқа жюри мүшелері тиянықты және талаптарға сай орындалған жобаларға қосымша жүлделер берді.«Chinese kz» Білім беру орталығының директоры Қарабасов М. бірнеше командалардың жұмыстарын жоғары бағалап, тағы 5 командаға 100$ жүлдеден берді.

«EduKey» онлайн білім беру орталығының негізін қалаушы Көпейсинов Е. «Чат-бот әзірлеу» №2 Кейс бойынша екі командаға 100000 теңге жүлде ұсынды.

«AMRI» Маркетингтік және жарнамалық бірлестіктер қауымдастығы директоры Васильева О. №3 Кейс бойынша жоғары дәрежеде жұмыс жасаған 3 команданы фрилансерлер (SMM маман, дизайнер) ретінде жұмысқа қабылдау туралы айтты.

«AVR GROUP» ЖШС директоры Серікбайұлы М. бір команданы «Программалау» курсын ақысыз оқуға шақырды, «Халық банк» өкілі Майлыбаев Ғ. «Чат-бот әзірлеу» №2 Кейс бойынша жеңімпазға қосымша жүлде – рюкзак тапсырды.

Бірінші аймақтық «ITII HACKATHON-2023» сәтті және нәтижелі өтті.
Бұл форум институттың дәстүрлі ІТ шарасына айналады деп сенеміз. Келесі Хакатонда кездескенше!