COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Стандарттау және ветеринарлық білім берудегі заманауи тенденциялар

Стандарттау және ветеринарлық білім берудегі заманауи тенденциялар

28 ақпан 2023ж. күні Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты «Жаратылыстану» факультеті «Стандарттау және ветеринариялық санитария» кафедрасының ұйымдастыруымен «Стандарттау және ветеринарлық білім берудегі заманауи тенденциялар» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған шараға «Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің» басшысы Қалдығожин Дәулет Қуатұлы, ҚР АШМ «Ветеринаринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы» мекеме басшысы Коекеев Жандар Миятович, «Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы» Құрмантаев Нұржас Нұржанұлы сонымен қатар институтымыздың вице президенті Асқар Бегаділұлы Абдуалы, Академиялық жұмыстар жөніндегі проректоры Қадырова Ақмарал Сатбекқызы, ректордың жалпы мәселелері бойынша кеңесшісі Серік Дүйсеналыұлы Тәжібаев, «Жаратылыстану» факультетінің деканы Нұрғабылов Мұрат Нұридинұлы сонымен қатар кафедраның ПОҚ пен студенттері қатысты.

Дөңгелек үстелде студенттерге білікті мамандар тарапынан жан-жақты ақпарат берілді, мысалы Қалдығожин Дәулет Қуатұлы «Стандарттау, сертификаттау және сапаны бақылау» Білім беру бағдарламалары бойынша өзекті мәселелерді көтерді, Құрмантаев Нұржас Нұржанұлы «Ветеринариялық медицинада» болып жатқан қиындықтар мен оны шешу жолдарын атады.

Іс шара соңында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты мен мекеме басшыларымен екі жақты серіктестік меморандумға қол қойылды.