Студенттер аналарды мерекелерімен құттықтап гүл шоқтарын ұсынды
8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты «Экономика және басқару» кафедрасының 1 курс студент қыздары Облыстық аналар алқасының төрайымы Оспанова Хадиша Аяғанқызымен, төрайым орынбасары Оспанбеков Нұргүл Қалтайқызымен және Әшірбаева Тұрсынкүл Ильясқызымен кездеу өткізді.
Студенттер аналарды мерекелерімен құттықтап, гүл шоқтарын ұсынды. Өз кезегінде облысқа еңбектері сіңген ардагер-аналарымыз 1 курс білімгерлеріне ақыл-кеңестерін беріп, отбасы құндылықтары жайлы сөз қозғады. Студенттер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, айтылған кеңестерге алғыстарын айтты. Кездесу соңында аналарымыз кездесуге келген студенттерге оқуларына және өмірлік жолдарына сәттілік тілеп, ризашылдықтарын білдірді.