Шақырады көктем
Көк желекті көктеммен бірге көңілге қуаныш сыйлай келетін аяулы аналарымыздың, әпкелеріміздің, қарындастарымыздың төл мерекесі – 8 наурыз мерекесі келіп жетті.
Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі.
Бүгін Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институтында ерекше форматта мерекелік жиын өтті. Жиын «Шақырады көктем» тақырыбында дөңгелек үстел басындағы кездесу түрінде өтті.
Мерекелік жиынның қатысушылары инстиуттың дамуына ерекше үлес қосып жүрген ғалым қыздар, ардагер ұстаздар, білікті басшылар мен студент қыздар өз пікірлерін ортаға салды. Олар жетістіктері туралы айтып, мерекеге сай ізгі тілектерін, ұсыныстарын айтты.
Өз кезегінде ректор Марат Баяндин институт аруларына ризашылығын білдіріп, естелік сыйлықтар тапсырды.