COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ ИННОВАЦИОННЫЙ
ИНСТИТУТ ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / «Ақындық-өмірімнің асқақ әні» атты әдеби-сазды іс-шара өтті

«Ақындық-өмірімнің асқақ әні» атты әдеби-сазды іс-шара өтті

Наурыз айының 16 күні сағат 14:00-де Ақпараттық-кітапханалық орталықтың №2 оқу залында қазақтың қабырғалы қаламгері, ақын Жарасқан Әбдірашевтің 75 жасқа толуына орай «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы ҚТ-22-1» тобымен бірлескен «Ақындық-өмірімнің асқақ әні» атты әдеби-сазды іс-шара өтті.

Іс-шара мақсаты– адамгершілік, рухани құндылық, туған жер мен ел тарихын сүю қасиеттерін жастардың бойына сіңіру, отансүйгіштік сезімдерін шыңдау.

Видеопроектордан Жарасқан Әбдірашевтың өмір жолы мен қызметі жайлы қысқаша слайдтар көрсетілді.

Ж.Әбдірашев-өткір тіл, ой ұшқырлығымен, нәзік те қуатты лирикасымен оқырманды тамсандырып бас игізеді. Оның поэзиясы рухқа толы қуаттылығымен қатар өткір юмор мен сатираға да толы.

Қорыта айтатын болсақ, ақын Жарасқан Әбдіраштың өлеңдер циклі қазақ поэзиясындағы өзіндік орны бар, тың көркем дүниелер. Бұл өлеңдер ақынның туған жерге деген ғаламат сүйіспеншілігін, сағынышын білдіреді. Ақын туған даласын ерекше ақындық шабытпен жырлай отырып, өзінің де биік болмысын, парасат пайымын, ақындық деңгейін білдіреді. Туған даласына тағзым етіп, басын иеді.

Келесі оқылатын өлеңдердің үзіндісі осының куәсі. Студенттер ақын шығармаларынан үзінділер оқып, Жарасқан Әбдірашевтің өлеңіне жазылған «Кірмеші жиі түсіме» әнін қосыла шырқады.

Саналы ғұмырын поэзияға арнаған ақын Қазақстан Жазушылар Одағының М.Жұмабаев атындағы сыйлықтың лауреаты, Юнесконың Алтын жұлдыз иегері.

Ендеше, дарынды ақын Жарасқан Әбдіраштың жыр маржаны да өз маңызын жоймайтын, ғажайып сырға толы туындылар болып қала бермек.