COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / ТАЛАСТЫҢ ТАРИХИ МӘНІ МЕН ТАРИХЫ

ТАЛАСТЫҢ ТАРИХИ МӘНІ МЕН ТАРИХЫ

2023 жылдың 17 наурызында Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты «Тарих және география» кафедрасының ұйымдастыруымен «ТАЛАСТЫҢ ТАРИХИ МӘНІ МЕН ТАРИХЫ» тақырыбы аясында «Б.з.д. Қытай мен ғұндар соғысы» атты дөңгелек үстел өтті. Тарихи маңызы бар оқиғалардың негізгі себептері мен салдарын түсіндіруге бағытталған бұл іс-шараға Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының тарихшы студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Дөңгелек үстелге, Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Тарих және география» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Жүрсінбаев Бақытжан Әбсаматұлы шақыртылды. Дөңгелек үстел барысында Тар-20 оқу тобының студенттері Құрманбек Есенбатыр мен Рахметулла Шыңғыс Тараз қаласының ертедегі тарихы мен ғұндардың қытаймен соғыстары туралы баяндамаларын оқыды. Содан кейін осы тақырыпқа байланысты пікір-талас өрбіді.
Алдағы уақытта өңіріміздің тарихына қатысты тарихы оқиғаларға қатысты пікір-талас дөңгелек үстелдері мен ашық лекциялар жоспарланып отыр.