COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Жұлдыздар физикасы. Жарық жылы. Жұлдыздар спектрі

Жұлдыздар физикасы. Жарық жылы. Жұлдыздар спектрі

30.03.2023 ж. күні «Жаратылыстану» факультеті, «Жаратылыстану мамандықтар» кафедрасының аға оқытушысы А.Мұстафаева «Астрономия» пәні бойынша «Жұлдыздар физикасы. Жарық жылы. Жұлдыздар спектрі» тақырыбында, Физ-20-1 тобына ашық сабақ өткізді. Оқытушы практиканы презентация арқылы түсіндіріп, кестелер, таблицалар және тақырып бойынша үш түрлі бейне материал қолданды. Тақырыпқа байланысты жұлдыздарды көріп, зерттеу үшін телескоп қолданылған. Түнде Тектұрмасқа шығып, оқытушы студенттермен бірге жұлдыздарды тамашалаған.
Студенттерге жаңа материалды қалай меңгергендігін тексеру мақсатында студенттерге «Kahoot» әдісі арқылы жаңа тақырып бойынша тест сұрақтары қойылды. Сабақ соңында студенттердің нәтижелері шығып, кері байланыс орнады. Үй тапсырмасы беріліп, сабақ аяқталды.
Ашық сабақты бағалауға «Жаратылыстану мамандықтар» кафедарсының ПОҚ-ы мен «Сапа, аккредиеттеу және рейтинг» басқармасының мамандары қатысып, пәннің оқу-әдістемелік жабдықталуына А.Мұстафаеваның сабақ барысында ақпараттық технология, инновациялық тәсілдерді қолдануына, студентке бағытталған оқыту мен дәріс шеберлігіне өте жақсы деген баға берді.