COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Жас түлек-2023

Жас түлек-2023

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты мен Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 31 наурызда білім беру бағдарламалары бойынша өткен «Жас түлек-2023» жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша түлектерге мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру мақсатында кездесу өтті.

Іс-шараға, Тараз қалалық әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының, Жамбыл облысы бойынша «Атамекен» кәсіпкерлік ұлттық палатасының басшысы, Тараз қаласының білім бөлімінің басшысы және 40-тан аса мекеме өкілдері қатысты.

Биыл институтты 822 жуық түлек бітіргелі отыр. 38 білім беру бағдарламасы бакалавриат бойынша және 23 білім беру бағдарламасы магистратура бойынша. Бітірушілерді жұмыспен қамту жүйесі институтта жүйелі түрде жолға қойылған. Институтта жылына дәстүрлі түрде бір рет жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша бос орындар жәрменкесі ұйымдастырылып, оған өңірдегі көптеген мекемелер мен ұйым өкілдері шақырылады. 280 мекеме жұмыс берушілермен нақты келісімдер де бар.

«Жас түлек-2023» бос орындар жәрменкесі қатысушыларға институт ректоры Марат Баяндин институт туралы, оның жетістіктері мен өз орны туралы, жылда дәстүрлі түрде өтетін жас мамандар жәрмеңкесінің маңыздылығын атап өтті. Өздерін қызықтыратын бос орындар туралы мәлімет алуға, ал жұмыс берушілерге үміткерлердің іскерлік қасиеттерін бағалап, жас мамандарды тартуға жұмыс берушілермен студенттер арасындағы байланыстар туралы мағлұматтарын баяндады.