COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) техника магистрі даярлануда

Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) техника магистрі даярлануда

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында еңбек нарығына қажетті және жұмыс берушілердің ұсыныстары негізінде жасақталған, халықаралық аккредиттеуден өткен білім беру бағдарламалары бойынша - 6В07501 Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша), 6В07503 Стандарттау, сертификаттау және сапаны бақылау (салалар бойынша) техника бакалавры, ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратурада 7М01501 Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) техника магистрі даярлануда.

Білім беру бағдарламасы бойынша 90 пайыз ғылыми дәрежелі білікті де тәжірибелі профессорлік оқытушылар құрамы дәріс өткізеді. Осы бағдарламаның білім алушылары ҚР жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары республикалық конкурсының үздік ғылыми жұмыстары ретінде танылуда.

Білім алушылар кафедраның өндірістегі филиалы «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» Жамбыл филиалы, Акционерлік қоғам және басқа да көптеген кәсіпорындарда тәжірибелерін шыңдайды.
Институтта студенттердің білім алуына толық жағдай жасалған: зертханалық кабинеттер, компьютерлік класстар, кітапханалар, соңғы үлгімен жабдықталған студенттер үйі.