№38 орта мектебінде кәсіби бағдар жұмыстары жүргізілді
Ш.Муртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты «Педагогика» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының аға оқытушылары Э.С.Игиликова мен М.Б.Сарсенбаеваның жетекшілігімен Тараз қаласының №38 орта мектебінде кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізілді.
Кездесу барысында 11 сынып оқушыларына институтымыздың материалдық-техникалық базасы, әлеуметтік жағдайы, дамуы туралы ақпараттар берілді. Институт қабырғасында даярланатын білім беру бағыттарымен таныстырылып, оның ішінде 6В01701- «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша мәліметтер берілді.