COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / «ЛИНГВИСТ-2023» АТТЫ ТАҚЫРЫПТА «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ПӘНІ БОЙЫНША СТУДЕНТТЕРДІҢ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫ

«ЛИНГВИСТ-2023» АТТЫ ТАҚЫРЫПТА «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ПӘНІ БОЙЫНША СТУДЕНТТЕРДІҢ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫ

2023 жылдың 5 сәуірінде Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасының ұйымдастыруымен факультет көлемінде «Лингвист-2023» атты тақырыпта «Қазақ тілі» пәні бойынша студенттердің пәндік олимпиадасы өтті.

Олимпиадаға «Педагогика» факультетінің деканы, п.ғ.к. Ботабаева Әдемі Еркебайқызы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к. Беркенова Рабиға Ағабекқызы, кафедра доценті, ф.ғ.к. Пертаева Эльмира Құлибайқызы, профессор Белботаев Алмасбек Батанұлы, ф.ғ.к. Карибаева Азиза Өтегенқызы, Ғылыми жұмыстар және Халықаралық байланыстар басқармасының ғылыми жұмыстар бойынша үйлестірушісі Ниязова Палли Рашидқызы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы және 1 курс студенттері қатысты.

Олимпиадаға қатысушылар «Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың ұлы арманы, ұрпағымыздың игілігі» атты тақырыпта слаидтар жасап, баяндамаларын сәтті қорғады. Студенттер «Ахмет Байтұрсынұлы – тіл білімінің атасы» тақырыбында эссе жазып, ақын шығармаларының мәні мен маңыздылығын атап өтті. Байқауға барлық үміткер студенттер қатысты. Бір артықшылығы – тіл бұралуын 5 рет қатесіз қайталай алуы.

Байқауға қатысушылар классик ақын Абай Құнанбаевтың өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқыды. Пәндік олимпиаданың қорытындысы бойынша, ең көп ұпай жинаған қатысушылар 1, 2, 3 жүлделі орындарға ие болды. Студенттер жинаған балл саны және келесі номинациялар бойынша марапатталды:
1. «Үздік баяндама»,
2. «Үздік Эссе»,
3. Оқу сауаттылығы,
4. Мәнерлеп оқу.