Дидактикалық материалдардың маңызы мен ерекшелігі
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты «Педагогика» факультеті «Жалпы педагогика» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Роза Ажибаева оқытушылар: Фатима Пірәлі., Сманова У.К. Дуалды оқыту элементтерін іске асыру бойынша Тараз қаласы Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының филиалында БОПӘ-20-1,2,3 топтарымен факультет көлемінде «Дидактикалық матералдарды пайдалану әдістемесі пәнінен » «Пәндерге байланысты дидактикалық материалдардың маңызы мен ерекшелігі» тақырыбында практикалық ашық сабақ өткізілді. Ашық сабаққа "Жалпы педагогика" кафедрасының аға оқытушысы, магистр Назипа Фатихова оқытушы Момбекова С.Б., академиялық саясат бөлімінің маманы Дуралиева Б.Ж., Тараз қаласы Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының жоғары санатты мұғалімі Орынбаева Қ.А қатысты.
Ашық сабақтың мақсаты – дидактикалық материалдарды пайдалануға байланысты практикалық іскерлік пен дағды қалыптастыру, пәннің танымдық, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарын іске асыруға дайындау. Сабақ қазақтың ұлттық форматында өтті. Ашық сабақта студенттердің қызығушылығын ояту мақсатында қазақтың ұлттық ойындары «Ханталапай», «Қыз қуу», «Ақсүйек», «Көкпар» ойындары пайдаланылды. Сабақтың барысында студенттерге «Миға шабуыл» әдісі, Бейне-сұрақ/ оқытушылардың тақырыпқа сай сұрақтары/ Шығармашылық ізденіс: интербелсенді әдістер: «ақыл- ой» картасы, сергіту сәті: психологиялық жаттығу, «Көкпар» ұлттық ойыны https://learningapps.org/watch?v=pgfqw2ywn23 платформада топтар тапсырмалар орындады. Сабақтың соңында рефлексия, кері байланыс /Екі жүрек бір тілек әдісі/ Бағалау/ Қорытынды жасалып, сабақ жоғары деңгейде өтті.
https://www.instagram.com/p/CqsELZ8s8x6/?igshid=MDJmNzVkMjY=