COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Ғылым және жастар: зерттеулердің қазіргі таңдағы мәселелері

Ғылым және жастар: зерттеулердің қазіргі таңдағы мәселелері

2023 жылдың 21 сәуір айында студенттер мен магистранттардың "Ғылым және жастар: зерттеулердің қазіргі таңдағы мәселелері" атты XV республикалық конференциясының салтанатты ашылуы өтті.

Конференция жұмысы бес бағыт бойынша жүргізілді. Жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша барлығы 100-ден астам ғылыми-зерттеу жұмыстар түсті. Аталған конференцияға Қазақстан Республикасының ​ келесідей жоғары оқу орындары қатысты: "С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті" АҚ, "Торайғыров университеті" (КеАҚ), М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті және ​ М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті.

2023 жылдың 25 сәуір айында конференцияның жабылу салтанаты өтті, студенттік ғылыми жұмыстар байқауының жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды, сондай-ақ конференция қатысушыларына сертификаттар табысталды.