COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Болашаққа - бізбен бірге

Болашаққа - бізбен бірге

Бүгін Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық институтының Акт залында "Болашаққа - бізбен бірге" тақырыбында мектептің кәсіптік бағдар беруші педагог қызметкерлерге арналған ашық есік күні өтті.

Аталған шараға Жамбыл облысының барлық аудандарының мектептерінен профориентолог оқытушылар қатысты.

Жұмыс барысында арнайы шақырылған қонақтар мастер-класстар өткізді. Атап айтқанда кәсіби коуч, трансформатор Телеуова Салтанат, және Қазақстан Республикасы профориентологтар ассоциациясының төрайымы, PhD Жадыра Тойбаева. Кездесу өте жоғары дәрежеде өтіп, қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Сонымен қатар шара қонақтары Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық институтының материалдық-техникалық базасымен, оқу корпустарымен, ғылыми-зерттеу орталықтарымен, Студенттер үйімен танысты.