COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ ИННОВАЦИОННЫЙ
ИНСТИТУТ ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР: ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ САБАҚТАСТЫҚ

ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР: ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ САБАҚТАСТЫҚ

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен «ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР: ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ САБАҚТАСТЫҚ» тақырыбында республикалық форумы өтті.

Форумға министрлік өкілдері, республикадағы жоғары оқу орындарының әлеуметтік және тәрбие істері бойынша проректорлары, салалық департамент басшылары, студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының жетекшілері және зиялы қауым өкілдері қатысты.
Форум ағымдағы жылдың 27-28 сәуір аралығында Шымкент қаласы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің қабырғасында ұйымдастырылды.

Форумға институтымыздың тәрбие жұмысы және жастар саясаты басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа, Студенттік Парламент төрағасы Данабек Мұратбаев, Студенттік министр Бекжан Төрехан қатысты.

Форум барысында «Бабалар аңсаған парасатты, кемел ұрпақ», «Ұлы ұстаз - Әл-Фараби», «Абай Құнанбаевтың «Толық адам» ілімі және қазіргі жастар», «Әл-Фараби және Шәкәрім мұрасындағы «Кемел адам» мәселесі», «Ы.Алтынсарин мұралары тәрбие құралы ретінде», «Ұлы даланың ұлы қыздары», «Әлихан Бөкейханов және Алаш ағартушылары ұлттық тәрбие туралы», «Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегі және жастар тәрбиесі», «Цифрлық технологиялар патриоттық тәрбие берудің құралы ретінде», «Мектеп ұстазы. Жастар ұстазы. Ұлт ұстазы. (Өзбекәлі Жәнібектің тәрбие қайраткерлігі хақында), «Мағжан Жұмабаевтың мұрасы негізінде балаларды цифрлық ойындармен тәрбиелеу мен оқыту», «Жоғары білім беру жүйесіндегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемелігі» тақырыптарында баяндамалар оқылып, жеке секциялық жұмыстар жүргізілді. Форум қорытындысы бойынша қарар қабылданып, алдағы уақытта бұл жұмыстарды одан әрі жалғастыру жоспарлануда.