COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Бүгін облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында «Ғылыми шығармашылық және инновациялық: дене шынықтыру және спорт маманының кәсіби құзыреттілігі мен тәжірибесін жетілдіру» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтуде.

Шараға 9 мемлекеттің өкілдері мен ғалымдар және профессорлар қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісуде.

«Мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес, мемлекеттік жастар саясатының негізгі 11 бағыты бар. Соның бірі денсаулықты сақтау және нығайту, саламатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.

Бұқаралық спорт түрлерін және ұлттық ойындарының жаңа түрлері жігерлі жастардың санасына үлкен серпіліс беріп, тағылымы мол ұлттық құндылықтарымыз ұстаздардың кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіруге жол ашады. Бүгінде, саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады. Осы тұрғыда, 2023 жылы облыста салауатты өмір салтын насихаттау бағытында барлығы 1400 спорттық іс-шара ұйымдастырып, шараға 82353 мың адам қамтылды.

Қазіргі таңда облыс бойынша спорт нысандарының саны 2919-ды құрайды. Аталған спорт нысандарының барлығы тұрғындар үшін қолжетімді.