COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Ұстаздар көпсайыстан сынға түсті

Ұстаздар көпсайыстан сынға түсті

Бүгін Тараз қаласындағы «Ұлан» спорт кешенінде Президенттік көпсайыстан жалпы ұстаздар арасында Оңтүстік аймақтық Қазақстан чемпионаты өтіп, тұңғыш рет өткен додаға Алматы, Шымкент қалалары мен ​ Жамбыл, Түркістан, және Ұлытау облыстарынан келген ұстаздар қатысты.

Президенттік көпсайыс спортын дәріптеу арқылы дене шынықтыру мен спортты одан әрі жаппай дамыту және ұстаздар арасында дене шынықтыру даярлығы мен ​ салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Президенттік сынақ және президенттік көпсайыс федерациялар одағы мен «Спорт жұлдыздары» журналы бірігіп өткізген аймақтық чемпионат ендігі жерде әр өңірде өтіп, күзде Астана қаласында қорытындысы шығарылатын болды.

Таразда өткен додада ерлер арасында 24-34 жас аралығында Әбдіқұл Алихан (Түркістан облысы, Төле би), 35-39 жас аралығында Өмірбеков Аят (Жамбыл облысы, Меркі), 40-49 жас аралығында Кулчиков Қалмұрат (Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов), 50-59 жас аралығында Ахметов Жалғасбек (Тараз) және 60 жастан жоғары жастағылар арасында Молдыбаев Аманбай (Тараз) оңтүстік аймақтың чемпиондары атанды.

Әйелдер арасында Мейркулова Анастасия (24-34 жас) мен Аяғанова Айгүл (40-49 жас) үздік шықты. Екеуі де Тараз қаласынан.

Біздің оқытушыларымыз: Уанасов Жамбылбек, Шилибаев Нұрболат және Мейірбеков Тілектес әділ төрешілік жасап дипломға ие болды.